СІМ Израильдегі отандастармен байланыс үшін "жедел желі" ашты

422

Осы екі күн ішінде отандастарымыздан 500-ден астам қоңыраулар мен сұраулар келіп түсіп, оларға жауап берілді. 

СІМ Израильдегі отандастармен байланыс үшін "жедел желі" ашты Фото: Inbusiness.kz

Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігінде Израиль аумағындағы ҚР азаматтары мен олардың еліміздегі туыстары үшін шұғыл байланыс жедел желісі ашылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Осы екі күн ішінде отандастарымыздан 500-ден астам қоңыраулар мен сұраулар келіп түсіп, оларға жауап берілді. Бүгінгі таңда Қазақстанның Израильдегі елшіліктің консулдық есебіне 77 азамат тіркелген (Елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда). Израильдің жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 5 студент оқиды, сондай-ақ 30-ға жуық қазақстандық жергілікті түрлі медициналық мекемелерінде тағылымдамадан өтуде (барлығы 112 адам)", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Тель-Авивтегі дипломаттарымыз Израильдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста және олармен өзара жедел іс-қимыл жасау мақсатында мессенджерде арнайы чат құрды. Қазіргі уақытта оған Израильде уақытша және тұрақты тұратын 200-ге жуық ҚР азаматы қосылған.

Израильде қаза болған, зардап шеккен және кепілге алынған қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

"Кейбір авиарейстердің тоқтатылуына және бірқатар авиатасымалдаушылардың Израильге рейстерді орындаудан бас тартуына байланысты Қазақстан Елшілігі "Эйр Астана" әуекомпаниясымен бірлесіп, Қазақстанға оралуға ниет білдірген азаматтардың тізімін қалыптастыру, сондай-ақ оларды одан әрі қауіпсіз жерге шығаруды ұйымдастыру бойынша пысықтау жұмыстарын жүргізуде. Осы уақытқа дейін Қазақстанға оралуға 118 азаматымыз ниет білдірді. Тель-Авивтегі Бен-Гурион атындағы Халықаралық әуежай өз жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатқанын хабарлаймыз.

Бұл ретте, осы бір-екі күн ішінде Үкімет деңгейінде Тель-Авивке жіберілетін арнайы репатриациялық рейсті ұйымдастыру мәселесі пысықталып жатыр", — делінген СІМ хабарламасында.

Онда тағы консулдық есепке тұрмаған 400-ден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу