СІМ: Қазақстан-Грекия арасындағы сауда айналымы 1,4 млрд долларға жетті

679

Биылғы он айда Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымының көлемі 1,4 млрд долларға жетті. Бұл туралы бүгін елордада Грекия Республикасының Сыртқы істер министрі Николас Дендиасты қабылдаған еліміздің вице-премьері-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

СІМ: Қазақстан-Грекия арасындағы сауда айналымы 1,4 млрд долларға жетті Фото: atameken.kz

"Грек Республикасы – біздің Оңтүстік Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптестеріміздің бірі. Биыл біз дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жылдығын атап өтудеміз. Министр Николас Дендиас мырза екеуіміз ашықтық пен толық өзара түсіністік рухында саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты қарым-қатынастың болашағын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты талқыладық. Грекия – еліміздің сауда серіктесі. Мәселен, биылғы 10 айда Қазақстан-Грекия арасындағы тауар айналымы 1,4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға артық", - деп тоқталды Мұхтар Тілеуберді.

Министр келтірген дерекке сәйкес, Қазақстанда 10 мың грек ұлтының өкілдері тұрады. Сонымен қатар Мұхтар Тілеуберді еліміздің 17 аймағында грек дәстүрі мен әдет-ғұрпын қолдайтын "Филия" ассоциациясы жұмыс істейтінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу