СІМ: Қазақстан Тайванды Қытайдың ажырамас бөлігі санайды

621

 Бүгін Сыртқы істер министрлігі Тайванға қатысты ресми мәлімдеме таратты.

СІМ: Қазақстан Тайванды Қытайдың ажырамас бөлігі санайды

Ведомства өкілі Айбек Смадияров, Қазақстанның "Біртұтас Қытай" қағидатын қолдайтынын жеткізді деп хабарлайды Atameken Business.

Сондай-ақ ол шетел делегацияларының Тайванға сапары, Қытаймен келісілуі тиіс екенін айтты.

Еске салсақ, 2 күн бұрын АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси, Қытайдың қарсылығына қарамастан Тайванға барған еді. Сол арқылы шағын аралдағы демократияны қолдайтынын жеткізген. Ресми Бейжің, ескерту ретінде Тайванға 21 әскери ұшағын жіберіп, жақын маңдағы Фуцзянь провинциясында арнайы жаттығулар өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу