СІМ: Қазақстан "тәліб" ұйымын мойындамайды

964

Қазақстан Ауғанстанды басып алған жаңа билік "тәлібтерді" мойындамайды, деп хабарлайды Atameken Business.  

СІМ: Қазақстан "тәліб" ұйымын мойындамайды

Сыртқы істер министрлігі бүгін осындай ресми мәлімдеме жасады. Вице-министрі Ақан Рахметуллинның айтуынша, оңтүстік аймақтағы ахуал сырттай бақылауға алынған. Ал тәлібтер болса, Кабулдағы Қазақстан елшілігін өз қамқорлығына алуға сөз берген. Сондықтан қазақ дипломаттары онда жұмыстарын кедергісіз жалғастырып жатыр. Ал Алматыға уақытша пана іздеп, көшіп келген Біріккен Ұлттар Ұйымының жүздеген қызметкері қазір қонақ үйде, карантинде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу