СІМ кейбір инвесторларды табыс салығынан босатуды ұсынбақшы

1228

Қайта өңдеу саласына инвестиция салғандарға дағдарыс кезінде жаңа қолдау көрсетлуі мүмкін.

СІМ кейбір инвесторларды табыс салығынан босатуды ұсынбақшы Фото: inbusiness.kz

Қайта өңдеу саласында жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бір бөлігі табыс салығынан босатылуы мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Мұндай ұсынысты Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров көтерді.

"Егер өңдеуші өнеркәсіпке құйылатын инвестициялар көлемі 14 млн доллардан асатын болса, инвесторлар корпоративтік табыс салығынан 10 жылға, жер және мүлік салығынан 18 жылға босатылады. Осы жылға біз ұсынып отырған жаңа преференциялар бар. Олар әлі талқыланады. Негізгісі, өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция құйып, жұмыс істеп жатқан инвесторлар жобадан түскен табысын тағы да эжкономикаға инвестициялайтын болса, ол табыстарды салықтан босатуды ұсынып отырмыз. Бұл әлі талқыланып, Сенатқа ұсынылады. Мақсаты – қазіргі қиын кезеңде инвесторларды қайта инвестициялауға ынталандыру. Ондай кәсіпорындар бізде көп. Бұл тек қана өңдеуші кәсіпорындарға қатысты. Жер қойнауын пайдаланушылар ондай салықтардан босатылмайды" - деді вице-министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу