Алматыда балаларды қажетсіз және қауіпті контенттен қорғайтын жаңа жоба іске қосылды

266

Балаларға арналған сим картаның ерекшелігі – Қазақстанда балаларды қажетсіз және қауіпті контенттен қорғай алады.      

Алматыда балаларды қажетсіз және қауіпті контенттен қорғайтын жаңа жоба іске қосылды Фото: canva

Бас прокуратураның бастамасы аясында еліміздегі байланыс операторымен бірлесіп SIM KIDS пилоттық жобасы Алматы қаласында іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарға кәмелетке толмағандарды интернеттегі деструктивті контенттің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған ұсыныстар әзірленген.

Карта автоматты түрде зиянды контентті бұғаттайды, ата-аналарға баланың қосымшалардағы белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді және дыбыссыз режимде болса да, баламен байланыста болуды қамтамасыз етеді.

Жоба пилоттық сынақ кезеңінен сәтті өтіп, қазіргі уақытта барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу