СІМ министрі Ресей депутаттарының сөзіне өз бағасын берді

1286

"Бос сандырақ" - еліміздің Сыртқы істер министрі Ресей депутаттарының Қазақстан жеріне қатысты жасаған шулы мәлімдемелеріне осындай баға берді.  

СІМ министрі Ресей депутаттарының сөзіне өз бағасын берді

Мұхтар Тілеуберді: "Дума өкілдері - Никонов, Федоров және Жириновскийдің айтқандары,тшын мәнінде, ресми Мәскеудің ұстанымына сәйкес келмейді",– дейді. Себебі Қазақстан шекарасын әлдеқашан сызып, бекітіп алған мемлекет. Оған айғақ екіжақты қол қойылған делимитациялау құжаты да бар. Енді оның күші жойылмайды. Оны Ресей билігі жақсы біледі. Қазір тек Үкімет демаркациялау, яғни қазақ-орыс шекарасының кей тұстарына қазық қағу процесін жүргізіп жатыр.

Бірақ министр пандемияға байланысты бұл жұмыстың уақытша тоқтап тұрғанын айтады.

Енді алдағы 3 жылда шаруа аяқталуға тиіс. Ал бассыздыққа барған думалық депутаттарға жіберілген нотаға регламент бойынша жауап келмейді.

 

 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу