Оңтүстік Кореяда жүрген 34 мың қазақстандықты елге қайтару жұмыстары жүргізілмейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Atameken Business.
Оларға 1 наурызға дейін Қазақстанға өз күшімен қайтуға кеңес берілді.
Қаперде болса, алдағы жексенбіден бастап Қазақстан Иранмен әуе рейсін тоқтатып, Сеулге ұшатын рейстер санын азайтпақ.
Сондай-ақ Айбек Смадияров шетелде Covid-19 вирусын жұқтырғандар мен белгісі бар деп күдікке ілінгендер арасында қазақстандықтар жоқтығын мәлімдеді. Коронавирус ұшығып тұрған мемлекеттерде Қазақстан елшілігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу