СІМ Ресейдегі қазақстандықтарды қайтару үшін келіссөз жүргізіп жатыр

277

​Қазақстан Сыртқы істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтардың Отанына оралуына көмек көрсету туралы өтініштерге байланысты жағдайды бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

СІМ Ресейдегі қазақстандықтарды қайтару үшін келіссөз жүргізіп жатыр Фото: Pinterest

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан азаматтарының шетелдегі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

СІМ бұған дейін әлемнің әртүрлі елдерінде қарулы қақтығыстар болып жатқан аймақтардан қазақстандықтарды елге қайтару бойынша тәжірибе жинақтағанын атап өтті.

Министрлік азаматтар туралы ақпаратты әлеуметтік желілер мен БАҚ-тан емес, олардың өздерінен немесе жақын туыстарынан тікелей алудың маңызды екенін айтты. Қазірдің өзінде бірнеше отбасы көмек сұрап ведомствоға жүгінген.

Қақтығыс жүріп жатқан аймақтарда жүрген қазақстандықтардың туыстарынан өтініш қабылдау үшін СІМ-де арнайы жедел желі жұмыс істеп тұр.

Азаматтарға құқықтық және консулдық көмек көрсету үшін министрлікке олардың аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері және еңбек шарттарының талаптары туралы нақты мәліметтер қажет.

Сонымен қатар Қазақстан азаматтарын елге қайтару бойынша бірлескен іс-шараларды әзірлеу мақсатында СІМ Ресей тарапымен консультацияларын жалғастырып жатыр.

Бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ресейдің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті. Ал жақын күндері Қазақстанның Ресейдегі елшісі РФ Сыртқы істер және Қорғаныс министрліктерінің өкілдерімен кездесулер өткізеді.

Ведомство жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы мен нәтижелері туралы қосымша ақпарат беретінін хабарлады.

Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген ҚР азаматтарына қатысты жедел желілер:

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

+7 (7172) 72-05-00

Dks_ast@mfa.kz

ҚР-дың Ресей Федерациясындағы Елшілігі:

+7 (925) 897-71-14

consul.moscow@mfa.kz

ҚР-дың Астрахань қаласындағы Бас консулдығы:

+7 (906) 177-70-88

astrakhan@mfa.kz

ҚР-дың Қазан қаласындағы Бас консулдығы:

+7 (905) 020-30-42

+7 (843) 202 05 92

kazan@mfa.kz

ҚР-дың Омбы қаласындағы Бас консулдығы:

+7 (968) 100-73-06

omsk@mfa.kz

ҚР-дың Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы:

+7 (939) 919-76-33

ekaterinburg@mfa.kz

ҚР-дың Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы:

+7 (981) 916-25-12

+7 (921)-188-90-60

s-petersburg@mfa.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу