СІМ ресми өкіл: Қазақстан ауған қыздары мен әйелдерін оқыту бағдарламасын жалғастыруға әзір

531

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров арнайы өткен брифингте жақын Ауғанстанның қыздары мен әйелдеріне Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік беретін бағдарлама қайта басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

СІМ ресми өкіл: Қазақстан ауған қыздары мен әйелдерін оқыту бағдарламасын жалғастыруға әзір Фото: gov.kz

Айбек Смадияров бұған дейін де ауған әйелдері Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алғанын атап өтті.

"Ауғанстан билігімен және осы бағдарламаны қаржыландыратын ЕО-мен келісімге қол жеткізілді. Ол жақын арада қайта басталады", - деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ ол 2023 жылғы 19-20 қаңтарда Брюссельде Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақтың Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің үшінші кездесуі өткенін жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу