СІМ шетел аумағында құжат тіркегені үшін алынатын консулдық алым мөлшерлемесін бекітті

604

Сыртқы істер министрінің "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізілмек.  

СІМ шетел аумағында құжат тіркегені үшін алынатын консулдық алым мөлшерлемесін бекітті Фото: Egov

Тиісті бұйрық жобасы ашық талқылауға ұсынылды, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатты жария талқылау 17 сәуірге дейін жалғасады.

"Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерінің аталған бұйрықпен бекітілген қағидалары реттік нөмірі 18-1 жолмен толықтырылсын: Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi беру – 25 АҚШ доллары, 20 евро, 20 ағылшын фунт стерлингі, 25 швейцар франкі, 1420 Ресей рублі, 165 Қытай юані", - делінген бұйрық жобасында.

Жаңа тәртіпке сәйкес атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш өтініш берушінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға беріледі.

"ҚР шегінен тыс жерлерде ҚР шетелдегі мекемесі өтініш пен құжаттарды қабылдап, оларды ҚР аумағындағы тіркеуші органға жібере алады. Бұл рәсім консулдық алымның жеке мөлшерлемесі көзделген акт жазбаларының өзгеруіне, толықтырылуына, түзетілуіне және қалпына келтірілуіне байланысты құжаттарды ресімдеу шеңберінде жүзеге асырылады", - делінген бұйрық жобасының салыстырмалы кестесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу