СІМ Сирия бойынша халықаралық кездесудің қорытындыларын құптайды

664

Бір күн бұрын, 17 ақпанда, "Астана форматындағы" Сирия бойынша келіссөздердің 15-ші кезеңі аяқталды, оның барысында Ресей Президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев кезекті 16-шы кездесу Нұр-Сұлтанда өтетінін жариялады.  

СІМ Сирия бойынша халықаралық кездесудің қорытындыларын құптайды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша Астана форматындағы 15-ші халықаралық кездесудің қорытындыларын құптайды, деп inbusiness.kz  сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды

16-17 ақпанында Сочиде өткен Астана процесінің кепілгер елдері – Ресей, Иран және Түркия, сондай - ақ БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы уәкілінің қатысуымен Сирия үкіметі мен оппозициясының көпжақты және екіжақты консультациялары 2021 жылы жоспарланған президенттік сайлау алдында Сирия дағдарысын саяси реттеудің кейінге шегерілмейтінін растайды.

Осыған байланысты Қазақстан Астана процесінің қағидаттарын берік ұстанады.

 
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу