СІМ Түркияда қаза болған Қазақстан азаматына қатысты ресми ақпарат берді

1043

СІМ Түркияда қаза болған Қазақстан азаматына қатысты ресми ақпарат берді

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров Түркияда қаза болған Қазақстан азаматына қатысты ресми ақпарат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"27 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де Ататүрік атындағы Стамбұл қаласының халықаралық әуежайында 1981 жылы туған Қазақстан азаматы әкімшілік ғимараттың екінші қабатынан секіріп кетіп, өз-өзіне қол жұмсады", — деді ол.    

Смадияровтың айтуынша, ол Түркия Республикасына 26 қыркүйек күні ұшып барып, бір тәулік әуежайда болған. 

"Оқиға орнына келген түрік дәрігерлері біздің азаматымызды ажалдан арашалап қала алмаған. Марқұм ауыр жарақат алған", — деп түйіндеді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу