Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 23 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Министрдің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевскиймен кездесуі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді.
Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіндігі және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс
Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы үндеу жариялады.
"Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Украина елшісі Петр Врублевский мырзаның қазақстандық блогерлердің біріне берген сұхбатында айтқан сөздерін қатаң айыптаймыз және ондай сарындағы мәлімделерге жол беруге болмайды деп санаймыз. Бейбітшілік пен бірлік біздің мемлекеттік саясаттың және қоғамдық бірігудің басты қағидалары. Сондықтан мұндай пікірді кім айтса да біздің қарсылығымызға ұшырайды", – деп жазылған үндеуде.
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Врублевскийдің қазақстандық блогер Диас Кұзайыровқа берген сұхбатының үзіндісі тараған болатын. Елші Украинадағы соғысқа қатысты пікірінде "дөрекілікке" жол берген.