СІМ үндеуі: Футболдан әлем чемпионатына баратын қазақстандықтарға кеңес

258

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.  

СІМ үндеуі: Футболдан әлем чемпионатына баратын қазақстандықтарға кеңес Фото: gazeta.uz

Қазақстан Республикасы СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаев әлем чемпионатына баратын қазақстандық жанкүйерлерге қауіпсіздік шараларына байланысты ескерту жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол қазақстандықтарды өзімен бірге құжаттарын немесе олардың көшірмелерін алып жүруге және жергілікті құқық қорғау органдарының талаптарын орындауға шақырды. Сондай-ақ маршруттарды алдын ала жоспарлау, ресми сервистерді пайдалану және рұқсат етілмеген, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуды ұсынды.

Ерлан Жетібаев шетелдегі көші-қон заңнамасы мен визалық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін айтты. 

"Төтенше жағдайлар туындаған кезде жергілікті шұғыл қызметтерге немесе Қазақстанның консулдық мекемелеріне хабарласу керек", – деді Жетібаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу