Симптомсыз науқастарды мамандар қашықтан қадағалайды

672

Оқшауланған науқастарға кеңес беретін 465 жедел топ құрылмақ.

Симптомсыз науқастарды мамандар қашықтан қадағалайды

Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем қызметі коронавирус жұқтырған симптомсыз науқастарға мониторинг жүргізбекші. Мамандар мұндай шара үйде оқшауланған науқастардың жағдайын бақылауда ұстап, сырқаты асқына бастағандарды дер кезінде байқауға мүмкіндік береді деп отыр. Мониторнг қалай жүргізілетінін Ұлттық ғылыми кардиогхирургиялық орталық басшысының орынбасары Махаббат Бекбосынова тікелей байланыс арқылы түсіндірді. 

"Бүкіл ел бойынша амбулаториялық қосыннан 465 жедел топ құрылуда. Ол топтардың міндеті – симптомсыз және жеңіл формалы науқастарды толық есепке алу. Олардың өзі қазір медицинада пневматикалы жеңіл форма, пневматикасыз жеңіл форма деп бөлінеді. Пневматикалы жеңіл форма компьютерлік томография арқылы тексергенде өкпенің 30 пайызына дейін зақымданған науқастар жатады. Ал пневматикасыз жеңіл формаға көбінесе бұрыннан созылмалы ауруы бар науқастар жатады. Оның ішінде жүрек-қантамыр, қант диабеті, семіру сияқты аурулары бар, эндокренологтардан кеңес алушы науқастар кіреді. Қазір осы ауыр созылмалы сырқаты бар науқастарға кеңес беретін жедел топ құру бойынша әріптестерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Оның құрамына, пульмонологтар,эндокренологтар, кардиологтар мен өзге де бағыттың мамандары кіреді. Мұндай науқастар  ең бірінші кезекте өз-өзін оқшаулауға міндетті. Адамның бойынан респираторлық белгілер белгілі болған жағдайда немене ПТР-тест коронавирус белгісін растаған жағдайда үй ішіндегі басқа адамдарға инфекцияның жұқпауын қадағалау керек. Науқастармен бір отбасыда тұрып жатқан адамдар да жедел топтың назарында болады", – деген маман қазір әлемде коронавируспен ауырғандардың 80 пайызы симптмосыз науқасқа жататынын айтты. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу