Симптомсыз вирус тасымалдаушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

671

Қазіргі кезде олар арнайы байланыс құралдары арқылы бақылауға алынған.

Симптомсыз вирус тасымалдаушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты. 

"Симптомсыз науқастар анықталғаннан кейін олардан қолхат алынады. Қолхатта карантин талаптарын сақтау туралы, өзін-өзі оқшаулау сынды ережелер бар. Науқас оны ескермеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады. Егер де симптомсыз коронавирустық инфекция тасымалдаушының басқа біреуге жұқтырғаны анықталса, онда қылмыстық заңнамаға сәйкес, "қасақана инфекция жұқтыру" фактісі ретінде саналады. Қазіргі таңда симптомсыз вирус тасымалдаушылар арнайы байланыс құралдары арқылы бақылауға алынған", – деді ол. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу