Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ оған жасалған қастандықтан кейін ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады.
Оқиға 8 шілдеде Нара қаласында жергілікті уақыт бойынша 11:30-да болған еді. Қаскөй жиында сөз сөйлеп жатқан Абэге оқ атты.
Полиция шабуыл жасаған адамды Нара префектурасында ұстады.
Абэ Жапонияның премьер-министрі қызметін екі рет атқарды: 2006-2007 және 2012-2020 жылдары. 2020 жылдың 28 тамызында ол отставкаға кететінін жариялаған болатын. Ол денсаулығына байланысты осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу