Синдзо Абэны өлтірген қаскөйдің психикалық денсаулығы тексеріледі

512

29 қарашаға дейін оның өз әрекеті үшін сот алдында жауап бере алатындығы не алмайтындығы анықталады.

Синдзо Абэны өлтірген қаскөйдің психикалық денсаулығы тексеріледі

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэны өлтірген 41 жастағы Тэцуя Ямагами психикалық денсаулығын тексерткізу үшін Осакадағы қамауға алу орталығына ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мамандар төрт айы бойы, яғни 29 қарашаға дейін Ямагамидің өз әрекеті үшін сот алдында жауап бере алатындығын не алмайтындығын анықтайды.

Сондай-ақ қылмыскердің үйінен табылған қоддан жасалған қару-жараққа баллистикалық сараптама жүргізілмек. Егер оның қауіпті екені анықталса, қаскөйге атыс қаруын заңсыз жасау және сақтау туралы айып тағылуы мүмкін.

Бұған дейін Ямагами Нарадағы аудандық сотының шешімі бойынша қамауға алынған болатын. Оның ісіне қатысты тергеу қараша айының соңына дейін жүргізіледі.

Синдзо Абэға қастандық жасалғаны 8 шілдеде хабарланды. Қаскөй жиында сөз сөйлеп жатқан экс-премьерге оқ атқан болатын. Экс-премьер дереу ауруханаға жеткізілгенімен, мамандар оны ажалдан арашалап алып қала алмады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу