Сингапур билігі азаматтарға кітап оқығаны үшін ақша төлейді

178

Енді азаматтарға кәдімгі кітап оқығаны үшін ақша төленеді. 

Сингапур билігі азаматтарға кітап оқығаны үшін ақша төлейді Фото: livejournal.com

Сингапур үкіметі тұрғындарды смартфоннан жағымсыз жаңалықтарды үздіксіз оқудан ("думскроллингтен") арылту үшін қаржылай ынталандырудың ерекше бағдарламасын іске қосты, деп жазады inbusiness.kz сайты Informburo порталына сілтеме жасап.

Қатысу шарттары қарапайым: оқырманға кітап оқуға күніне кемінде 15 минут уақыт бөлу жеткілікті. Әрбір осындай сессия үшін 20 виртуалды монета есептеледі. 1000 монета жинағаннан кейін (бұл 50 күн кітап оқуға тең), оларды 1 сингапур долларына (шамамен 350 теңге) немесе сыйлық ваучерлеріне айырбастауға болады.

Бастаманың негізгі мақсаттары – халықтың зейін қою қабілетін арттыру, сыни ойлау мен қиялын дамыту.

– Біз контенттің көптігі мен үздіксіз ынталандыруға толы әлемде өмір сүріп жатырмыз. Әдеттер шағын әрі тұрақты қадамдар арқылы қалыптасады. Сондықтан біз қарапайым мақсаттан бастадық – автобуста, түскі үзілісте немесе ұйықтар алдында күніне кемінде 15 минут кітап оқу,  – деп түсіндірді Сингапур Ұлттық кітапхана қызметінің басшысы Мелисса Там.

Айта кетейік, бұл елдегі осындай алғашқы тәжірибе емес. Бұған дейін Сингапур билігі жаяу серуендеп, күнделікті қадамдар нормасын орындағаны үшін супермаркеттерде пайдалануға болатын ваучерлер беретін ұқсас жобаны сәтті іске қосқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу