Сингапур бірінші болып жасанды ет сатылымын бастады

662

Eat Just өкілдері лаборатория жағдайында жасалған мұндай ет құрамында микроб әлдеқайда аз болады деп отыр.

Сингапур бірінші болып жасанды ет сатылымын бастады

Сингапур билігі әлемде алғаш болып жасанды ет сатылымына рұқсат берді. Бұл туралы елдің азық-түлік агенттігінің өкілдері мәлім етті.

"Бізге келіп түскен ұсыныс пен оның салдарын зерттеу келе, Eat Just деп аталатын америкалық компанияға елімізде жасанды тауық етін сатуға рұқсат бердік",–деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Мамандардың айтуынша, агенттік тауардың қауіпсіздігін әлі де тексеріп, сарапшылармен кеңеседі, сонымен қатар нарыққа енетін жаңа тауарлардың сапасын да зерттемек.

Eat Just өкілдері лаборатория жағдайында жасалған мұндай ет құрамында микроб әлдеқайда аз болады деп отыр.

"Бірқатар сынақ нәтижесі көрсеткендей, бұл өнім ақуызға, амин қышқылы,пайдалы майлар мен минералдарға бай",– дейді компания қызметкерлері. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу