Сингапур ғалымдары "омикронды" анықтайтын ПТР-тест жасап шығарды

774

Қазіргі кездегі тестілер коронавирустық инфекцияны анықтай алады, бірақ пациенттің қандай штамды жұқтырғанын көрсетпейді.

Сингапур ғалымдары "омикронды" анықтайтын ПТР-тест жасап шығарды

Сингапур ғалымдары "омикрон" коронавирус штамын анықтайтын әлемдегі алғашқы мамандандырылған ПТР-тестін жасап шығарды. Тестті Bio Acumen Global фармацевтикалық компаниясы әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК телеграм арнасына сілтеме жасап.

Жаңа тесті қолдану уақытты үнемдеуге көмектеседі. COVID-19 жұқтыру фактісін және организмде "омикрон" штамының бар-жоғын бірден анықтайды. Әзірлеуші компания жақын арада көрші елдерге жаңа ПТР-тестілерді жеткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетсек, ресейлік вирусолог Петр Чумаков "омикрон" штамын "тірі" вакцина деп атады. В.А. Энгельхардт атындағы молекулалық биология институтының зертхана меңгерушісі "омикронның" пайда болуымен адамзат локдаундар туралы ұмыта алады деген үмітін білдірді.

"Табиғат коронавирусқа қарсы тірі вакцина жасады деген оптимистік пікір бар. Яғни осы штаммен ауырған адамдар сауығып шыққаннан кейін патогендік нұсқаларға төзімді келеді", – деп ұсынды Чумаков. Бірақ соңғы тұжырымдарды жасауға әлі ерте екендігі де атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу