Сингапур мен Британия еркін сауда аймағын құрды

536

Тараптар алдағы екі жылда өзара инвестицияларды қорғау туралы келісімге қатысты келіссөздерді аяқтауға уағдаласты.

Сингапур мен Британия еркін сауда аймағын құрды Фото: reuters.com

Сингапур мен Британия еркін сауда аймағын құру туралы келісім жасасты. Бұл туралы республиканың сауда және өнеркәсіп министрлігі хабарлады.

"Бұл келісім қос мемлекетте бизнес жүргізу тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Құжат – Британияның осы аймақпен серіктестікті нығайтуға бағытталған саясатының айқын көрінісі", – деді ведомство басшысы Чань Чунь Син. 

Бұл құжатта Сингапур мен Еуроодақ арасындағы келісімнің міндеттемелері сақталады. Яғни тауарлардың белгілі бір санаттарына арналған тарифтер, тиісті қызметтер мен мемлекеттік сатып алу нарығын қолжетімді ету, электроника, автокөлік өнеркәсібі, фармацевтика және медициналық бұйымдар өндірісі, жаңартылатын энергия салаларында тарифтік емес кедергілерді азайту жағы өзгеріссіз қалады. 

Сонымен қатар тараптар алдағы екі жылда өзара инвестицияларды қорғау туралы келісімге қатысты келіссөздерді аяқтауға және цифрлық экономика саласындағы серіктестікті орнатуға уағдаласты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу