Бұл туралы Digital Almaty форумында Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Алматы Қазақстанның ең ірі мегаполисі ретінде цифрлық трансформациялар фарватерінде сенімді түрде алға жылжуда. Алматыда цифрландырудың ену деңгейі Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады: бүгінде біздің қаламызда мемлекеттік қызметтердің 96%-ы цифрлық форматта жүргізіледі және бұл және бұл көрсеткіш үнемі өсіп келеді", – деді мегаполис басшысы.
Өткен жылдың шілдесінде Алматы алғаш рет Thoughtlab (Нью-Йорк) әлемдік жетекші зерттеу компаниясының нұсқасы бойынша цифрлық даму стратегияларының әзірлігі дәрежесі жөнінде Азия қалаларының алғашқы бестігіне кірді.
Сонымен қатар, 2022 жылдың қыркүйек айында Алматы Almaty Data Lake-бірыңғай деректер қоймасы жобасымен IEEE Smart Cities Awards Contest халықаралық "ақылды қалалар" байқауының финалисі атанды.
"Қабылданған қаланы дамыту бағдарламасындағы 7 негізгі басымдықтың бірі "Алматы – Смарт-сити" құру болып табылады. Биылғы жылдың күзіне қарай Сингапур және Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың "цифрлық егізін" құруды бастау жоспарлануда. Алматының одан әрі дамуы үшін маңызды жобалар қаланы басқаруды жақсартуға мүмкіндік беретін өзге де жүйелі платформалық шешімдер болып табылады. Бұл қаланың Бірыңғай деректер қоймасы, геоаналитиканың бірыңғай платформасы. Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі биыл Алматының 80%-ын қамтиды. Бұл – цифрландыруға қатысты цифрландыру емес, ең алдымен, жайлы қалалық орта құру және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету", – деді Досаев.