Сингапур парламентінің басшысы ЭКСПО-ға қатысатынын мәлімдеді

723

Сингапур парламентінің басшысы ЭКСПО-ға қатысатынын мәлімдеді

3 мамыр күні Қазақстанның Сингапурдағы елшісі Үсен Сүлеймен Сингапур парламентінің спикері Халима Якобпен кездесті. Кездесу барысында екі елдің парламентаралық ынтымақтастық және осы бағыттағы қызметті жандандыру мәселелері талқыланды. Үсен Сүлеймен сұхбаттасын Қазақстандағы конституциялық және экономикалық реформаның негізгі қағидалары мен Жаңғыру 3.0 және Рухани жаңғырудың басымдығымен таныстырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар маусым айына жоспарланған "ЭКСПО-2017" көрмесінің ресми ашылу кезінде өтетін Сингапур парламенті спикерінің Қазақстанға ресми сапарына дайындық барысын талқылады. Қазақстандық дипломат "ЭКСПО-2017" көрмесіне Сингапурдың павильоны "үздіктер" қатарына кіретініне және баламалы энергия саласындағы әзірленімдерін көрсететініне сенім білдірді.

Халима Якоб Нұрсұлтан Назарбаевтың данышпан саясаты мен елдегі саяси және экономикалық реформалардың іске асырылуын жоғары бағалады. Оның үстіне, Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда экономикалық және инвестициялық бағыттарда, әсіресе, "Бір белдеу – Бір жол" жобасы аясында өзара әрекеттестіктің кеңеюін айтып өтті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі Ли Куан Ю арасындағы көп жылдық достығы алға бығытталған екі жақты қарым-қатынастың дамуына және өзара тиімді әріптестікке негіз салғанын айрықша айтып өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу