Сингапур президентіне Назарбаев университетінің "Құрметті профессоры" атағы берілді

482

Халима Якоб бүгін жоғары оқу орнына арнайы барып дәріс оқыды

Сингапур президентіне Назарбаев университетінің "Құрметті профессоры" атағы берілді

 

Сингапур президентіне Назарбаев университетінің "Құрметті профессоры" атағы да берілді. Халима Якоб бүгін жоғары оқу орнына арнайы барып дәріс оқыды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Президент дәрісінің тақырыбы "Арыстан қаласынан Ұлы далаға дейін" деп аталды. Халима Якоб гендерлік теңдік, отбасы құңдылығы, дін және білім тақырыбында ойын ортаға салды. Қазақстан мен Сингапур студенттерінің екі елде де білім алып, тәжірибе алмасуын қолдайтынын айтты. Өйткені Сингапурдың мемлекеттік саясат мектебі – Назарбаев Университетінің стратегиялық серіктесі.  

"Біз дамуға ұмтылып жатырмыз. Сондай-ақ өсімі жоғары аймақ құруды көздеп отырмыз. Елдер үлкен болсын, кіші болсын, бәрінің құқы бірдей. Ал Қазақстан мен Сингапурдың өзіндік ұқсастығы бар. Мен өзіме жақын үш сала бойынша пікір білдіргім келеді. Біріншісі – білім. Сингапур адами капиталды дамытуға бағытталған ресурстарды инвестициялайды. Біз жан-жақты оқыту ісін қолға алдық. Екіншісі - халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау. Тағы бір бағыт - мектептерде инклюзивті білім беруді дамыту", - деді Сингапур Республикасының президенті Халима Якоб.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президенті Халима Якобқа I дәрежелі "Достық" орденін табыс еткен еді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу