Сингапур Президенті Халима Якобтың Астанаға мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды.
Қол қойылған бірлескен құжаттар:
1. Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия елдері (С5) мемлекеттік қызметшілері үшін әлеуетті арттыру бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
3. "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен "Enterprise Singapore" арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен "Enterprise Singapore" арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.