Сингапур шетелдіктердің елге келуіне қатысты ережені қатаңдатты

780

Бірқатар елмен арадағы көлік қатынасы шектелді.

Сингапур шетелдіктердің елге келуіне қатысты ережені қатаңдатты

Сингапур билігі 1 ақпаннан бастап шетелдіктерге қойылатын талаптарды күшейтті. Енді басқа елдің азаматтары коронавирус дертін емдеуге кететін шығындарды өтейтін медициналық сақтандыруды сатып алуға міндеттеледі. 

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, 1 ақпаннан бастап барлық шетелдік азаматтар республикаға келгенге дейін медициналық сақтандыруды сатып алуға міндетті. Оның құны шамамен 22,5 мың доллар. 

Сонымен қатар Сингапур Германия, Малайзия және Оңтүстік Кореямен арадағы "жасыл дәліз" деп аталатындар байланысты тоқтатады. Осы мемлекеттерде коронавирустың кең етек жаюы үкіметтің осындай шешім қабылдауына себеп болды. Бруней, Индонезия, Қытай және Жапониямен арадағы байланыс сол қалпында қалады.  

Соңғы мәлімет бойынша, бұл елде вирус жұқтырғандардың саны 59 507-ге жетті. Оның 59 196-ы жазылып, 29-ы қайтыс болды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: voanews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу