Сингапур билігі БҰҰ мен АҚШ-тың санкцияларды қатаңдату аясында КХДР-мен сауда қатынастарын тоқтататыны туралы жариялады, деп хабарлайды Today.kz.
Бейсенбі күні Сингапурдың кеден басқармасының 7 қарашада бекітілген тиісті ескертуі БАҚ да тарады, деп хабарлады Channel NewsAsia.
"Сингапур КХДР-нан және осы мемлекетке қарай барлық коммерциялық тауарлардың қозғалысына тыйым салды ", - делінген құжатта.
Екі ай бұрын қабылданған АҚШ санкциялары КХДР-мен байланысы бар болған бірқатар тұлға мен компанияға кесірін тигізген. Олардың арасында Сингапурдегі екі ұйым да бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу