Сингапур жаңа Алатау қаласының дамуына инвестиция құяды

584

Жалпы 15 шақты инвестициялық жобаларға жұмсалған инвестициялар көлемі шамамен 681 млн. долларды құрап отыр. 

Сингапур жаңа Алатау қаласының дамуына инвестиция құяды Фото: ARTi BELON

Бүгін сенатта "Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы" келісім ратификацияланды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында, бұл келісімге 2023 жылғы 22 мамырда Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобтың Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол қойылған болатын.

"Сингапур Қазақстан үшін ең алдынғы қатарлы серіктестердің бірі, себебі ол — Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы және жалпы әлемдік экономикадағы флагман, сондай-ақ ірі IT және қаржы хабы.

Оған, әрине Сингапурлықтардың көрсетілетін қызметтердегі, дамудың озық тәжірибесі, экономикалық көрсеткіштері мен инновациялық жетістіктері дәлел бола алады.

Соған байланысты біздің елімізбен қаржылық қатынастарының кейбірі көрсеткіштеріне назарларыңызды аударайық", — деді сенатор Сұлтанбек Мәкежанов.

Мәселен, 2013-2023 жылдары Сингапурдың Қазақстанға салған тікелей инвестициялар ағыны 1,7 млрд. құрап, Қазақстанның Сингапурға салған тікелей инвестициялар ағыны 1,4 млрд. АҚШ долл. құраған.

Ал, 2023 жылы екіжақты тауар айналымының көлемі 1,8 млрд. АҚШ долларын құрап, оның ішінде Қазақстанның Сингапурға экспорты – 1,7 млрд. АҚШ доллары болса, Сингапурдан Қазақстанға импорт – 81 млн. доллар көлемінде болды.

2023 жылы көрсетілетін қызметтердің экспорты Қазақстаннан Сингапурға 3,5 млн. АҚШ долларын құраса, ал Сингапурдан Қазақстанға қызметтер импорты 6 млн. долларды құраған.

"Сондықтан, келісім шеңберінде Қазақстандық бизнес үшін, Сингапурде көрсетілетін қызметтер нарығына қолжетімділікті кеңейтіп, жақсартуға арналған кешенді шаралар қаралған.

Қазіргі таңда, екі ел арасындағы келісім аясында, мәселен, Алматы облысындағы G4 City, яғни Алатау қаласын дамыту, Жамбыл облысындағы цемент зауытының құрылысы, Ақтау портын жаңарту сияқты 15 шақты инвестициялық жобалар енгізілуде. Оларға жұмсалған инвестициялар көлемі шамамен 681 млн. долларды құрап отыр", — деді сенатор.

Министірліктердің ақпараты бойынша өткен жылдың соңына Сингапур капиталының қатысуымен Қазақстанда 143 заңды тұлғалар тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу