2017 жылғы. 17-19 ақпанда Сингапурда Туристтік агенттерінің ұлттық ассоциациясы (National Association of Travel Agents of Singapore) ұйымдастырған "NATAS Travel Fair" атты мерейтойлық 50-ші туристік көрме өткізілді. Жәрмеңке барысында Сингапур жұртшылығына Қазақстанның туризм әлеуеті мен 2017 жылдың басты іс-шарасы – "ЭКСПО-2017" Халықарылық көрмесі таныстырылды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Осымен, Қазақстан аталған көрмеге үшінші рет қатысып отыр. "Қазақстан – Ұлы Дала Елі" атты павильонын Қазақстан Республикасының Сингапурдағы елшілігі ұйымдастырған.
Қазақстандық павильонның негізгі серпіні еліміздің туристтік әлеуетін Сингапур жұртшылығы және туристтік операторлары мен агенттері арасында таныстыруға және "ЭКСПО-2017" көрмесіне тартуға бағытталған.
Сингапурдың туристтік агенттерінің ұлттық ассоциациясының президенті Дэвиндер Ори (Devinder Ohri) қазақстандық павильонды аралау барысында сингапурлық туристердің Қазақстанға ағынын айтарлықтай артқандығын, оның үстіне, Сингапурдың "ЭКСПО-2017" Көрмесіне қатысатынын ескере отырып, Астанадағы ЭКСПО көрмесінің ұйымдастырылуы әлемдік туристік нарығында Қазақстанға қатысты қызығушылыққа оң серпінін тигізетіндігін баса айтты.
Іс-шараның өткізілуінің үш күні ішінде Көрмені 111 мыңнан астам адам келіп көрді. Қазақстандық павильонда 8 мыңнан астам көруші тамашалады.