Сингапурда ақпаннан бастап тегін вакцина егу жүргізіледі

916

Бұған дейін министрлікаралық жұмыс тобы халықтың басым бөлігі осы жылдың соңына дейін вакцинаны тегін ала алатынын мәлімдеген болатын.

Сингапурда ақпаннан бастап тегін вакцина егу жүргізіледі

Сингапур билігі алдағы айдан бастап вакцина егу процесін тегін түрде жүргізеді. Бір тәулікте 70 мың адам екпемен қамтамасыз етілмек. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады. 

Елдің денсаулық сақтау министрлігі осы орайда екпе егуге арналған ондаған орталық ашады. 18 қаңтарда Чанги әуежайындағы терминалдарының бірінде осындай орталық ашылды. Сонымен қатар препаратты егетін арнайы мобильді топтар да құрылады.

Бұған дейін министрлікаралық жұмыс тобы Сингапур халқының негізгі бөлігі осы жылдың соңына дейін вакцинаны тегін ала алатынын мәлімдеген болатын. Екпені бірінші болып медицина қызметкерлері мен үкімет мүшелері ектірген еді. 

Бұл ел Pfizer-BioNTech, Moderna және Sinovac вакциналарын егеді. Бірақ әзірге тек Pfizer-BioNTech препараты ресми түрде мақұлданған.

Табиғат Нұрболат

Фото: straitstimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу