Сингапурде коронавирусқа шалдыққандар енді тегін емделе алмайды

1016

Тегін емдеу 12 жасқа дейінгі балалар мен медициналық көрсеткіштеріне сәйкес иммундауға жатпайтын азаматтарға ұсынылады, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК телеграм арнасына сілтеме жасап.

Сингапурде коронавирусқа шалдыққандар енді тегін емделе алмайды

Сингапур билігі вакцинация курсын алмаған тұрғындарға коронавирусты емдеуге ақы төлеуді тоқтатады. Денсаулық сақтау министрі Он Е Кун хабарлағанындай, коронавирус инфекциясынан сауығу қымбат емдеуді талап етеді, ал науқастардың басым бөлігі вакцина қабылдамаған адамдар. 

Ал Германияда ақпан айынан бастап алғаш рет коронавирустан қайтыс болғандар саны бір тәулікте 500-ден асты. Германиядағы пандемия кезіңіндегі өлім-жітімнің жалпы саны 104 047-ге жетті. Роберт Кох атындағы Вирусология институтының мәліметтеріне сәйкес, 24 сағат ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа 69 601 жағдайы тіркелді.

Украина Президенті Владимир Зеленский вакцинация үшін азаматтарға 1 мың гривен аудару туралы Заңға қол қойды. Шамамен ол 2,7 мың рубльге тең. Украина тұрғындары бұл қаражатты 19 желтоқсаннан бастап пайдалана алады. Осы ақшаға спортзалға, кинотеатрға, театрға, мұражайға, көрмеге баруға немесе Украина аумағында саяхат жасауға билет сатып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу