Сингапурде 8,8 тонна піл сүйегі тәркіленді

1995

Жергілікті билік тәркіленген сүйектерді 12,9 миллион долларға бағалап отыр. 

Сингапурде 8,8 тонна піл сүйегі тәркіленді

Сингапур билігі салмағы 8,8 тонна болатын піл сүйектерін тапты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, шамамен 300 африкалық пілдің сүйегі Конго Демократиялық Республикасынан Вьетнамға Сингапур арқылы тасымалданбақ болған. 

Ресми дерекке сүйенсек, жергілікті билік тәркіленген сүйектерді 12,9 миллион долларға бағалап отыр. 

Сонымен қатар контрабандалық тауар ішінде панголин кесірткесінің қабыршағы табылды. Бұл жануар заңсыз сатылатын сүтқоректілердің бірі. Панголиннің еті Вьетнам және Қытай елдерінде деликатес саналса, қабыршағы "Аспан асты елінде" дәстүрлі медицинада қолданылады. 

Сингапур билігі тәркіленген тауарлардың нарыққа кіруін болдырмас үшін, олардың көзі жойылатынын жариялады. 
Айта кететін жайт, бұл мемлекет жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің саудасы туралы конвенцияға қол қойған болатын. Ресми Сингапур жануарлардың заңсыз саудасына жол бермеу үшін қолдан келгенді жасайтынын ашық айтты.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу