Сингапурдың экономикалық көрсеткіштері төмендейді

1203

Сарапшылар құрылыс 23%-ға, қонақүйлер мен қоғамдық тамақтану орындарына деген сұраныс 29,1%-ға кемиді деп топшылап отыр.

Сингапурдың экономикалық көрсеткіштері төмендейді

2020 жылы Сингапур экономикасы құрылыстың баяулап, қонақүйлер мен дәмханаларға деген сұраныстың төмендеуіне байланысты 6%-ға қысқарады. Бұл туралы Сингапурдың қаржы-несиелік басқармасы мәлім етті.Бұған дейін сарапшылар елдің ЖІӨ 5,8%-ға кемиді деп болжаған еді. 

Соңғы болжам бойынша, биыл құрылыс 23%-ға, қонақүйлер мен дәмханаларға деген сұраныс 29,1%-ға кемиді. 

Мамандардың ойынша, экономикалық ахуалдың нашарлауына бірнеше фактор әсер етіп отыр. Нақтырақ айтқанда, індеттің тез таралуы, пандемияның жаңа толқыны басталып, коронавирусқа қарсы вакцина кешіктіріліп жасалады деген қатерлер экономиканы тежеп отыр. Ал 2021 жылы сарапшылар Сингапурдың ЖІӨ 5,5%-ға өседі деген пікірде. 

Табиғат Нұрболат
Фото: straitstimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу