Сингапурлық инвесторлар елордада екі мектеп пен балабақша салады

987

Тартылатын инвестициялар көлемі шамамен 15 млрд  теңгені құрайды.

Сингапурлық инвесторлар елордада екі мектеп пен балабақша салады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен сингапурлық KinderWorld International Group компаниясының төрағасы Тан Тег Енг білім беру саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жол картасына қол қойды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сингапурлық инвесторлар елордада екі мектеп пен балабақша салады. Тартылатын инвестициялар көлемі шамамен 15 млрд теңгені құрайды. Жобаны жүзеге асыру 300-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Балабақша 600 орынға, мектептер 2 мың орынға есептелген. Сингапурдың білім беру жүйесі білімді тікелей практикада қолдануға бағытталған және рейтингтерде жетекші орынға ие.

Сингапурлық компания "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ретінде тіркеу туралы сертификатты алу мәселесін пысықтауда. Инвестиция жөніндегі қалалық кеңестің отырыстарында 16 мың орындық 18 мектеп құрылысы бойынша 18 инвестор қолдау тапты. Оның  3 мыңы – мектепке дейінгі оқыту орындары. Тартылатын инвестициялардың жалпы көлемі 50 млрд теңгеден асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу