Сингапурлық компания Астанада үздіксіз білім алу орталықтарын құрады

777

Болжам бойынша, бірінші кезеңдегі жалпы инвестиция шамамен 20 миллион АҚШ долларын құрап, жаңа 300 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. 

Сингапурлық компания Астанада үздіксіз білім алу орталықтарын құрады

Астана қаласының әкімдігі өз тарапынан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша кешенді көмек көрсететін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астана қаласының әкімдігі, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ және сингапурлық Pegasus Education Group компаниясы Астанадағы білім беру жүйесін дамытуға арналған инвестициялық жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды.

"Жобаның басты мақсаты: "Астана қаласында үздіксіз білім алу үшін балабақша, жалпы білім беретін орта мектеп, кәсіби техникалық колледж сынды білім беру орталықтарын құру". Бұл жоба сингапурлық білім беру жүйесінде қолданылатын тәжірибенің негізінде жүзеге асырылмақ",– делінген хабарламада.

Болжам бойынша, бірінші кезеңдегі жалпы инвестиция шамамен 20 миллион АҚШ долларын құрап, жаңа 300 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Астана қаласының әкімдігі өз тарапынан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскесі түрінде мемлекеттік несие беру, қажетті инфрақұрылымды құру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, жан басына қаржыландыру сияқты қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша кешенді көмек көрсететін болады.

Инвестор өз кезегінде жобаны тиісті сипаттамаларына сәйкес жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Дәлірек айтқанда, шетелдік инвестор Астанада кемінде 200 орындық балабақша, 2 мың орындық мектеп пен кемінде 2 мың орындық колледж ашпақ. Жобаның операциялық қызметінің шеңберінде жалпы педагогикалық қызметкерлердің қазақстандық үлесі 30%-дан кем болмауға тиіс, түлектердің халықаралық дипломдар мен сертификаттарды алу үшін халықаралық бағдарламалар енгізіледі.

Pegasus Education Group компаниясы өз қызметін 1986 жылы бастаған болатын. Ол Сингапурда үздіксіз білім берудің жеке білім беру желісін құрды. Қазіргі уақытта компания Оңтүстік-Шығыс Азиядағы 20-дан астам білім орталығын басқарады. Мектептер халықаралық ұйымдармен аккредиттелсе, компания АСЕАН шеңберінде білім беру саласындағы ең үздік жеке компаниялардың бірі болып танылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу