Сингапурлық компания Ташкентте жаңа әуежай салады

443

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Сингапурға мемлекеттік сапары қарсаңында Uzbekistan Airports өзбек компаниясы мен сингапурлық Changi Airports International стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. 

Сингапурлық компания Ташкентте жаңа әуежай салады Фото: img6.eadaily.com

Бұл туралы gazeta.uz Uzbekistan Airports баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Құжат жолаушыларға қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруды, озық ақпараттық технологияларды енгізуді, жолаушылар ағынын, оның ішінде транзитті ұлғайтуды және жаңа авиакомпанияларды тартуды қоса алғанда, Ташкент жаңа халықаралық әуежайын салу жобасын бірлесіп іске асыруды көздейді.

"Біз әлемдегі ең үздік әуежайлардың бірін, ең ірі халықаралық хабтарды құрған компанияның жаңа астаналық әуежай жобасына деген қызығушылығын құптаймыз. Ташкенттің өте қолайлы географиялық орында тұрғанын ескерсек, дәл осындай мақсатты бізде де жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, "Чанги " — бұл технология, бұл әуежай қызметіндегі тәжірибе, бұл әлемдік мойындау. Мұндай серіктеспен жұмыс істеу біз үшін үлкен мәртебе", — деді Uzbekistan Airports басқарма төрағасы Рано Джураева.

Келісім негізінде бірінші кезеңде (алты ай) кейіннен Changi Airports International компаниясын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жеке әріптес ретінде тарту мүмкіндігімен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бірлесіп әзірлеу жоспарланып отыр. Жобаның жалпы сомасы 1 1 млрд құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу