Синхронды жүзу: қазақстандық микс-дуэт жастар арасында әлем чемпионы атанды

1287

28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Словакияның Шаморин қаласында синхронды жүзуден жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті.  

Синхронды жүзу: қазақстандық микс-дуэт жастар арасында әлем чемпионы атанды

15 жасқа дейінгі спортшылар бәсекесінде қазақстандық микс-дуэт алтын жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Микс-дуэтте Қазақстан атынан Эдуард Ким мен Жаклин Якимова қатысқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша олар 155.3735 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.  Екінші орында испаниялық Мария Бофил пен Денис Гонзалес, үшінші сатыда жапониялық Хиори Окано мен Ютаро Сато. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу