Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында аралас топтық бәсеке аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Іріктеу кезеңінен соң Қазақстан командасы 81.6667 ұпай жинап, 9-орынға тұрақтады. Бұл финалдық кезеңге өту үшін жеткілікті нәтиже.
Қазақстан сапында Ольга Ездакова, Елена Крылова, Дженифер Русанова, Екатерина Симонова, Жәния Жиенғазы, Карина Абдулина, Этери Какутия, Ксения Макарова, Наргиз Болатова, Әйгерім Құрманғалиевалан сынға түсті.
Әзірге алғашқы үштікте Ресей, Қытай және Украина командалары тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу