Синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы Мажарстанда топ жарды

867

Синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы Мажарстанда топ жарды

Қарашаның 7-і мен 12-і аралығында Мажарстан астанасы Будапеште синхронды жүзуден халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жарысқа Словения, Чехия, Польша, Мажарстан мен Қазақстаннан 300-ге жуық спортшы қатысты. 

Турнир қорытындысы бойынша, 13-15 жас аралығында жасөспірімдер арасында қазақстандықтар бірінші орын иеленді. 

Атап айтар болсақ, жекелей сында Арина Мясникова бірінші, Этери Какутиа екінші сатыдан көрінді. 

Арина Мясникова мен Наргиза Болатова жұптық сында топ жарды. 

Сондай-ақ, топтық жаттығуда да біздің құрама биіктен көрінді. А. Мясникова, Н. Болатова, Э. Какутиа, К. Шаматульская, К. Макарова, Е. Лепихова, Д. Валиулина, Э. Пашковсквя, В. Михальченко, Я. Шевченко, Ю. Рогалева, А. Павлецова топтасып жаттығудан ешкімгі тізгінді берген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу