Sinopec компаниясы Қазақстанда жаңа мұнай-газ жобаларына қатысуға ниетті

409

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Sinopec компаниясының президенті Юй Баоцай мұнай-газ саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Sinopec компаниясы Қазақстанда жаңа мұнай-газ жобаларына қатысуға ниетті Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Sinopec компаниясының тікелей қатысуымен елімізде бірқатар маңызды жобаның жүзеге асқанын, оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытын модернизациялауды атап өтті.

Сондай-ақ ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру қажеттігін атап өткенін еске салды. Атап айтқанда, мұнай-газ химия өндірісін жедел дамыту міндеті қойылды.

"Сол себепті негізгі "Полиэтилен" жобасы мұнай-газ химия өнеркәсібін дамытудағы маңызды кезең болып табылады. Оны жүзеге асыру ел экономикасына мультипликативті әсерін тигізбек. Sinopec компаниясы мұнай-газ химия саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі екенін ескерсек, компанияның жобаға тең құқылы серіктес ретінде келуі стратегиялық маңызды мәселе", – деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Sinopec компаниясының еліміздегі басқа да перспективалық жобаларға қатысу мүмкіндігін қарастырып жатқаны аталды.

Өз кезегінде Sinopec компаниясының басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласы бойынша ынтымақтастық жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл, өз кезегінде, екі ел халықтарының әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосуда.

Бұдан бөлек, Sinopec президенті мұнай-газ саласындағы қазақстандық мамандардың кәсіби тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу