Sinopharm вакцинасының тиімділігі 79,34%-ға жеткені жарияланды

674

Бұл – клиникалық сынақтың үшінші кезеңінде тіркелген көрсеткіш.

Sinopharm вакцинасының тиімділігі 79,34%-ға жеткені жарияланды Фото: ria.ru

Қытайдың Sinopharm компаниясы жасап шығарған вакцинаның тиімділігі 79,34%-ға жеткен. Бұл туралы Beijing Institute of Biological Products мәлім етті.

"Компания жасаған екпенің қауіпсіз екені анықталды, екі инъекциядан кейін еріктілердің ағзасында антиденелер қалыптасты. Препараттың тиімділігі –79,34%", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Ескере кететін жайт, сынақ әлі аяқталмаған. Бұл – клиникалық сынақтың үшінші кезеңінде тіркелген көрсеткіш. Beijing Institute of Biological Products вакцинаны нарыққа шығару үшін елдегі азық-түлік және дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі мемлекеттік басқармаға өтінішін тапсырған. 

Қытай бірінші болып коронавирусқа қарсы екпе жасауға кіріскен еді. Бірақ сынақтың үшінші кезеңі басталған кезде елде вирус жұқтырған науқас қалмады. Сондықтан ғалымдар зерттеу жұмыстарын басқа елдерде өткізуге мәжбүр болды. Sinopharm компаниясының өкілі Лю Цзинчжэньның айтуынша, қазір клиникалық сынақтар БАӘ, Бахрейн, Иордания, Перу, Аргентина мен басқа де елдерде жүргізіліп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу