Синоптикер демалыс күндері ауа райының қандай болатынын айтты

449

"Қазгидромет" РМК алдағы 15-17 сәуір күндеріне күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Синоптикер демалыс күндері ауа райының қандай болатынын айтты Фото: yandex.kz

Қазақстан аумағы Қара теңізден келетін белсенді, ылғалды циклон мен Скандинавия түбегінен ығысатын суық арктикалық ауа ықпалында болады.

Алдағы күндері құбылмалы күн райы болжанады – жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі.

Батыста жаңбыр, ал солтүстік аймақта жауған жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін, сондай-ақ бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі. 
Ертең таңертең еліміздің солтүстік өңірлерінде қар жауып, жел соғады. 
Оңтүстікте де күн күркіреп, қатты жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, оңтүстікте екпіні 30 м/с және одан жоғары болады.
Батыс Қазақстан облысында, 16 сәуірден бастап Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, 17 сәуірден бастап Түркістан облысында түнде үсік жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу