Синоптиктер 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

474

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 3 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты республиканың 13 өңірінде ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Синоптиктер 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады Фото: nur.kz

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады күші 17-22 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 3-8 градус үсік күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың солтүстік-батысында кей уақыттары 25 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында тұман. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 2 градус үсік болады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Шымкентте шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік күтіледі. 

Абай облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. 

Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында 3 градус үсік болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу