Синоптиктер: "18 наурызда Алматыда қар жауады"

582

"Қазгидромет" РМК мамандары Алматының 18-20 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.  

Синоптиктер: "18 наурызда Алматыда қар жауады"  Фото: kazgazeta.kz

18 наурызда күн бұлтты. Кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Жел екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз 0+2°С.

19 наурызда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 3-8 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз +5+7°С.

20 наурызда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман болады. Жел екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +7+9°С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу