Синоптиктер 2024 жылдың күзіне арналған ауа райының алдын ала болжамын жасады

193

Қазан және қараша айларында күзден қысқы кезеңге біртіндеп көшу күтілуде. 

Синоптиктер 2024 жылдың күзіне арналған ауа райының алдын ала болжамын жасады Фото: 24 Канал

Қазақстандықтарды жылы әрі жауын-шашын аз ауа райы күтеді, бірақ қыркүйектің бірінші онкүндігінде ғана, деп  жазады inbusiness.kz сайты.

Қазгидрометтің хабарлауынша, кейін атмосфералық фронттардың жиі ауысуы болады, бұл республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жағдайына әкеледі.

Солтүстік облыстарда түнде минус белгісімен 1-7°С аяз болуы мүмкін.

Оңтүстік облыстарда жоғары қысымды аймақтың әсерінен жауын-шашын нормадан аз болады деп болжануда және температуралық фон салыстырмалы түрде жылы болады. Алайда, бір ай ішінде температура біртіндеп төмендейді: түнде +15+23°С-тан +3+10°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +15+23°С-қа дейін.

Қыркүйек айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1 градусқа жоғары, батыста, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда нормаға жақын болады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу