"Қазгидромет" мамандары 25 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Метеорологтардың мәліметінше:
Түнде Ұлытау облысында, күндіз Қызылорда облысында қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
Түркістан облысының оңтүстігінде – қатты жаңбыр, батысында – жаңбыр мен қар күтіледі.
Шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, қатты жел және бұрқасын болжанып отыр.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына дайын болуды және қажетті сақтық шараларын сақтауды ұсынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу