Синоптиктер: 26 градусқа дейін күн жылынады

541

Синоптиктер болжамынша, алдағы күндерде ауа райы қазақстандықтарды көктемгі жылуымен қуантады.  

Синоптиктер: 26 градусқа дейін күн жылынады Фото: Google

"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан бойынша 25-27 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

"Жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен еліміздің көп бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады, тек жекелеген аудандарда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр жауады. Сондай-ақ жел күшейіп, 27 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр жаууы мүмкін, таулы аймақтарда тұман болады", - делінген хабарламада.

Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болмайды.

Республика бойынша термометрлер бағаны:

  • батыста күндізгі уақытта 12-26°С жылы;
  • солтүстік-батыста 5-20°С жылы;
  • солтүстікте, шығыста және орталықта 2-15°С жылы;
  • оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 13-25°С жылы;
  • таулы аймақтарда 8-13°С жылы болады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу