Синоптиктер 28 маусым күнгі қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

256

Бес облыста өрт қаупі сақталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Синоптиктер 28 маусым күнгі қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады Фото: kartin.papik.pro
  • Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
  • Жетісу облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады.
  • Астанада күннің екінші жартысында найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
  • Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, дауыл, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
  • Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
  • Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 25 м/с.
  • Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
  • Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз оңтүстікте, орталықта күші 15-20 м/с.
  • Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36, облыстың оңтүстігінде 39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
  • Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз солтүстікте, оңтүстік-шығыста күші 15-20 м/с.
  • Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с. Облыстың шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
  • Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
  • Шымкентте 28 маусымда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
  • Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең жағалауда тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
  • Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, найзағай күтіледі. 28-29 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 28 маусымда күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
  • Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
  • Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың шығысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
  • Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 19 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады.
  • Алматыда күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу